ҚазҰУ дене тәрбиесі және спорт кафедрасы ОПҚ аталған жетістігімен А.Айтбековты құттықтайды!

5 қазан, 2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, медицина және денсаулық сақтау факультеті, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті Айтбеков Акежан 2023 жылдың 06-09 шілде күндері аралығында Испанияның Мадрид қаласында еркін күрестен ересектер арасында өткен «GRAN PREMIO DE ESPANA» халықаралық турнирінде күміс жүлде, ІІ-ші орынды иеленді. Аталған жарысқа А.Айтбеков 97 келі салмақта сынға түскен болатын. Сонымен қатар, жарыс қорытындысы бойынша Акежанға халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы берілді.

ҚазҰУ дене тәрбиесі және спорт кафедрасы ОПҚ аталған жетістігімен А.Айтбековты құттықтайды!