1 қазан Қарттар күні құтты болсын!

1 қазан, 2023

Бұл - ата жолын жалғап келе жатқан асқақал аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміздің келіп жеткен мерекесі. Осы өмір жолында барлығымызға қатысы бар мерейлі шақ. 

1-қазан күні біз ел болып Қарттар күні мейрамын тойлаймыз. Асылы, үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету - ата-бабадан келе жатқан қасиет-салтымыз. Қарттары бар ел - қазыналы ел. Келесі сілтемеге өтіп, Ақпараттық технологиялар факультеті, Компьютерлік инженерия мамандығының асыл қарттарымызға арнаған құттықтау тілегін тамашаласаңыздар болады: https:// youtube.com/shorts/F9L1KuoHhCw?si=_TmYVRlqmi5zFeYn 

Ендеше, көпті көрген асыл қарттарымыз бақытты күн кешіп, қай кезде де халқына - сүйеу, жұртына қамқор боп, жүздерінен қуаныш пен күлкі кетпей, балалары мен немерелерінің қызығып көріп, аман-сау күн кешкей.

Ал біз қолымыздағы алтынымыздың, еш байлыққа тең келмейтін асылдарымыздың қадірін біліп, олардың барына шүкіршілік етейік. "Атасыз үй - батасыз, ал анасыз үй - панасыз" дейді қазақ. Осы күйге түсуден сақтасын бізді!