Ақпараттық технологиялар факультеті ұстаздарын келіп жеткен мейрамдарымен құттықтаймыз!

4 қазан, 2023

03.10.2023 күні Ақпараттық технологиялар факультеті, Компьютерлік ғылымдар кафедрасының аға-кураторы Закариянова Назгуль Баймухамедовнаның ұйымдастыруымен "Компьютерлік инженерия" мамандығының 3 курс студенттері факультет ұстаздарын төл мерекелерімен құттықтау кешін өткізді. Ұстаздардың толассыз жасаған еңбегін ескеріліп, алғыс хаттармен марапатталды. Концерт бойы әртүрлі ойындар ойнатылып, шара жоғары деңгейде өтті. 

Өмірдің өзі де ұстаз. Бірақ осынау «ұстаз» сөзінің астарында мыңдаған білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік жатқанын байқай бермейміз. Ұстаз болу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Шәкірт тәрбиелеу, оны биікке жетелу, қанаттандыру, жаны мен тәнін, болмысы мен барын беру тек ұстаздың қолынан келетін қасиеттер.

Мың ғасыр өтсе де ұстаздың аты және «ұстаз» деген ұғым өлген жоқ. Өйткені қай дәуір болмасын, ол қоғамға ұстаздың еңбегі керек-ақ. Тіпті зәру. Әр таңның атысы мен әр күннің батысы өзінің емес, сіздің қамыңыз үшін қамығып жүретін әрбір ұстаз атаулы жандардың еңбегін ұлы деп бағалануға тиісті.

Барлық Ұстаздарды келіп жеткен мерексімен құттықтаймыз!