Ұстаздар күніне мәдени шаралар ұйымдастырылды

5 қазан, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінің ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы студенттерінің ұйымдастыруымен  ұстаздар күніне орай "Ұстазым менің - ұстазым" атты концерттік шара өтті.

Оған “Қоғаммен байланыс" мамандығының 2-ші курс (куратор-эдвайзері Н.Т.Шыңғысова), 3-ші курс (куратор-эдвайзері Мусаева Б.) және "Халықаралық журналистика" мамандығы 2-курс студенттері (куратор-эдвайзері М.Жетпісбаева) ат салысты. Онда студенттер ұстаздарға арналған әндер орындап, ақ тілектер мен құттықтауларын жеткізді. Сонымен қатар осы топтардың ұйымдастыруымен “Қарттар - елдің қазынасы” атты қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. Онда қолдан пісірілген тоқаштар, тәттілер, сусындар және тағы басқа да көптеген тағамдар  студенттерге қолжетімді бағада  сатылды. Оқытушылар мен студенттер қайырымдылық іс-шарасына өз үлестерін қосты. Ендігі кезекте, жәрмеңкеден жиналған қаражаттың барлығы қарттар үйіне студенттердің атынан қайырымдылық көмек ретінде тапсырылады.