Студентіміз Батыр Қазыбаев атындағы стипендияны жеңіп алды

5 қазан, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің 4 курс студенті Бағдат Сұлтанқызы белгілі медиаменеджер, Tengrinews.kz негізін қалаушы Батыр Қазыбаев атындағы стипендия иегері атанды.

         Alash Media Group компаниясы жыл сайын ҚазҰУ журналистика факультетінің студенттері үшін Батыр Қазыбаев атындағы стипендияға байқау жариялайды. Стипендия мақсаты – студенттердің оқу, ғылыми және шығармашылық қызметін ынталандыру. Стипендия бір жылға беріледі, оның иесі ай сайын 50 мың теңге алады.

         20 жастағы студент Әл-Фараби оқулары мен Әбілфайыз Ыдырысов пен Темірбек Қожекеев атындағы факультет ішілік байқауларда жүлделі орындарға ие болған. Ол ғылыми мақалалар жазғанды ​​ұнатады.

         Tengrinews.kz негізін қалаушы және Alash Media Group холдингінің басшысы Батыр Қазыбаев 2022 жылы 27 наурызда 53 жасында дүниеден өтті. Ол ел үшін маңызды бірнеше медиажобалардың іске асуына қатысты.

Бұл туралы Tengrinews.kz сайты хабарлады.