ТДМ 11. "EcoFermer" оқу орталығына бару

6 қазан, 2023

Физика-техникалық факультеті, жылуфизика және техникалық физика кафедрасының аға оқытушысы, PhD Куйкабаева Айжанның ұйымдастыруымен қазан айының 03 күні «Стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері 2013 жылы шаруа қожалығы базасында  ашылған "EcoFermer" білім беру орталығына экскурсияға барды. Орталықтың негізін қалаушы, экожүйе, вермикультура, баламалы энергия көздерін өндіру және қолдану саласындағы тәжірибеші Денис Сергеевич Тен студенттерге есте қаларлықтай экскурсия ұйымдастырды. Студенттер екі сағат  ішінде теориялық білім алып қана қоймай, Денистің экологияны қорғау мақсатында жасаған барлық жобаларын өз көздерімен көріп тамашалады. Жобалардың ішіндегі биогаз құрылғысы студенттердің қызығушылығын тудырды.