«Тарихи тұлғалар» стендінің ашылу салтанаты

2 қазан, 2023

Бүгін Экономика және бизнес жоғары мектебінде тарихи оқиға!

Шара аталып өтілетін Қарттар және 5 қазандағыұстаздар күніне арналған.

29.09.2023 жылы ЭжБЖМ факультетінің WIZDOW ZONE-да "Тарихи тұлғалар" стендінің ашылуы өтті. Бұлстенд ҚазМУ-дың экономика факультетінің құрылуына, қалыптасуына және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің бүгінгі жұмысына бастауболған барлық атақты экономистерге көрсетілген құрмет.

«Тарихи тұлғалар» стендінің ашылу салтанатына ЭжБЖМпрофессорлық-оқытушылық құрамының көрнекті өкілдері, кафедра меңгерушілері және факультеттің жас буынөкілдері қатысты. Жиналғандар алдында Экономика жоғарымектебінің деканы Л.А.Бимендиева, э.ғ.д., профессор С.Н.Нысанбаев, э.ғ.д., профессор Жатқанбаев Е.Б. сөзсөйледі.