Неаполь Л’Ориенталь университетінен келген делегациямен кездесу

6 қазан, 2023

2023 жылдың 5-6 қазан күндері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Неаполь Л’Ориенталь университетінің ректоры Роберто Тоттоли бастаған делегация арнайы іссапармен келді. Делегация құрамында қауымдастырылған профессор Томмазо Тревизани, доктор Риккардо Кучиолла, доктор Мишель Минарди, доктор Мануэль Кастеллучча болды.

5-қазан күні қонақтар тарих факультетін аралап, оқытушы-профессорлық құраммен танысты.

6-қазан 2023 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Білім беруді интернационализациялау: өзгермелі әлемдегі әлеуметтік-гуманитарлық аспект: тәжірибе, мәселелер және шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік симпозиум өтті. Симпозиум  барысында ортақ білім беру бағдарламаларын, қос дипломды бағдарлама жасау, ортақ археологиялық экспедициялар мүмкіндіктері қарастырылды.