ПОҚ тағылымдамасы - ТДМ 10 жүзеге асыру

28 қыркүйек, 2023

«Қазіргі Қазақстандағы экономикалық өсу сапасының табыстарды бөлудегі теңсіздікке әсері» жобасы аясында ТДМ 10 - Теңсіздікті азайтуды жүзеге асыру бойынша «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы Темербулатова Ж.С. 9-16 қыркүйек аралығында Падуа университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдамабарысында «Марко Фанно» экономика және менеджмент кафедрасының кірістерді бөлудегі теңсіздік, әлеуметтік теңсіздік және экономикалық өсу мәселелері бойынша зерттеулермен айналысатын жетекші ғалымдарымен кездесу өтті.