4-мақсат «Сапалы білім беру»

11 қыркүйек, 2023

4-мақсат «Сапалы білім беру» – БҰҰ 2030 жылға дейінгі кезеңге белгілеген тұрақты дамудың 17 мақсатының бірі.Экономика және бизнес Жоғары мектебі “6В04103 - Экономика” білім беру бағдарламасының 2023 жылғытүлегі Сатылхан Байбек Бақтиярұлы “Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды. СатылханБайбек оқуын Пенсильвания Университетінде магистратурада жалғастырады.

Пенсильваниядан көптеген  әйгілі тұлғалар шықты: ғалымдар мен президенттерге дейін (Дональд Трамп, Илон Маск және т.б.) 
Университет қабырғасында Байбек білімге, ғылыми ізденіске жоғары құштарлығын таныта білді. Оныңқорытынды дипломдық жұмысы мемлекеттік аттестациялау комиссиясымен өте жоғары бағаланған болатын.
Сатылхан Байбек Бақтиярұлын, «Экономика» кафедрасының ұжымын және Байбектің ғылыми жетекшісі - Байтанаева Бахыт Амантаевнаны осындай жетістікпен құттықтаймыз!