Ұстазға құрмет!

30 қыркүйек, 2023

29.09.2023ж Экономика және бизнес жоғары мектебі, «Бизнес технологиялар» кафедрасының Логистика мамандығының К2, К3 топтары «Ұстазға құрмет» атты мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс-шара өткізді. Студенттер құттықтау әндерін шырқады, күйлер ойнады, мұғалімдермен қарым-қатынас жасау үшін залда қызықты сұрақтар қойды. Іс-шараның атмосферасы мерекелік, көңілді, қызықты болды. Ұйымдастырушылар: Ахметова З.Б., Чемирбаева М.Б., Ибраева Л.М.