"Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары Алтай мемлекеттік университетінде (РФ, Барнауыл қ.) өткен «Қазақ хандығына 550 жыл: тарихи сабақтар мен қазіргі заман» атты ғылыми-тәжірибелік халықаралық конференцияға қатысты. Бұл туралы бүгін Қазақ ұлттық университетінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Қазақстан мен Ресей Фередациясының жетекші жоғары оқу орындарының мамандары қатысты. Ғалымдар қазақ мемлекетінің тарихы, әлеуметтік-саяси және мәдени қатынастардың ерекшеліктері, ұлтаралық келісімнің нығаю мәселелері, екі елдің халықаралық әріптестігінің артуы және басқа да мәселелер талқыланды.
«Бұл конференция біз үшін ерекше, себебі ол Қазақ хандығының және қазақ мемлекеттігінің 550 жылдығын тойлау қарсаңында өтіп жатыр. Қазақстандық және ресейлік интелегенцияны байланыстартын терең тарихи тамыр экономикалық, ғылыми, мәдени және рухани байланыстарға ұласты. Ресей мен Қазақстан арасындағы диалог екі көшбасшы ел деңгейінде ғана емес, білім берудегі, өндіріс пен ғылымның әртүрлі интеграциялы ұйымдасқан формалары деңгейінде де жүзеге асуда», - деді өз сөзінде ҚазҰУ профессоры Евгений Ан.
Сонымен қатар, Халықаралық конференцияда «Қазақ хандығы: территорияның, әлеуметтік-саяси институттар мен мәдениеттің қалыптасуы», «Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіру кезеңіндегі өзекті мәселелері (XVIII-ХХ ғғ. басы)», «Жаңа кезеңдегі Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық процестер (XX-XI ғғ.)» атты тақырыптар бойынша секция жұмыстары өтті.