Университетте сенбілік өтті

7 қазан, 2023

     Қоршаған ортаның, отанымыздың тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Осы орайда бүгін ұйымдастырылған сенбілік Алматы қаласының, университетіміздің тынысының кеңеюіне үлесін қосып қана қоймай табиғатты аялау екені сөзсіз. Университетіміз аумағында өтіп жатқан сенбілікке факультет басшылығы бастаған тазалық жанашырлары-ОПҚ және студенттер мен тыңдаушылар аз уақыттың ішінде айналаны тазартып, кампустың тазалығы үшін тер төкті. Университет көлемінде жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарына Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің басшылығы және барлық құрылым басшыларымен оқытушы-профессорлар құрамы сенбілікке бір кісідей атсалысып, әрбір бөлінген көшелер мен университет аумағында қоқыс қалдықтарын, күзгі жапырақтарды жинап, тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді. Тазалық шарасына қатысушылар қажетті құрал-жабдықтармен, қолғаптар мен қоқыс салатын қаптармен қамтамасыз етілді. Бұл шара ОПҚ, білім алушылардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыру мен тазалықты сақтау және экомәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға, санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.