2023 жылғы қазан айының 4-ші жұлдызында химия және химиялық технологиялар факультетінің қабырғасында "Химия" мамандығының 2-курс студенттері (205, 206 топтар) физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының куратор-эдвайзері, доцент А.К. Жүсіпованың жетекшілігімен "Ұстаздар күні" мерекесіне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырды. Көрермен қауымға музыкалық нөмірлер, студенттердің құттықтау бейнероликтері, ойындар ұсынылды. Студенттер ұстаздарды кәсіби төл мерекесімен құттықтай отырып, оқытушылардың барлық деңгейдегі сапалы білім беру үдерісіндегі алатын маңыздылығы мен білік дағдысын, сондай-ақ олардың қоғам дамуына қосқан баға жетпес үлесін атап өтті. Деканның тәрбие және оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, доцент Л. К. Кудреева, профессор А. К. Оспанова сөз сөйлеп, шәкірттердің өз ұстазына деген адалдығы мен құрмет көрсетуіне мысал келтіре отырып, жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Мерекелік іс-шара барлығына ұмытылмас әсер қалдырды.