Тұрақты даму мақсаттары 8. "Лайықты жұмыс және экономикалық өсу".

4 қазан, 2023

2023 жылдың 4 қазанында Astana Motors Manufacturing Kazakhstan өкілдері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басшылығымен кездесу өтті. Жиынға ақпараттық технологиялар факультеті мен механика-математика факультетінің өкілдері қатысқан болатын. Кездесуде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Отырыс барысында Индустрия 4.0 аясында бірлескен білім беру, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет, автоматтандыру, роботтандыру, цифрландыру және өндірісті, технологиялық және бизнес-процестерді коммерцияландыру саласындағы тәжірибелік әзірлемелерді жүргізу және енгізу мәселелері талқыланды. Осы сапар аясында Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының ұйымдастыруымен Motors Manufacturing Kazakhstan өкілдері студенттермен кездесу өткізді. Онда компания өкілдері өндіріс технологиялары мен студенттердің болашағы туралы әңгімелесті. Студенттерді ақысыз практика алмасуға шақырды.