"Студенттерге арналған еуропалық және американдық шәкіртақылар"

17 қазан, 2023

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Байелі Ә.Ж. 2023 жылдың 17 қазанында №17 жатақхана студенттерімен кезедесті. Кездесу барысында тұрақты даму мақсаттарының бірі «Сапалы білім» саласы бойынша «Студенттерге арналған еуропалық және американдық шәкіртақылар мен оларға құжаттар тапсыру. Work and travel» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Шара барысында еуропалық және америкалық университеттердің  біздің мамандықтарға ұсынып отырған шәкіртақыларының талаптары мен студенттерге арналған мүмкіндіктері, виза алу және құжат тапсыру ережелері туралы шетел филологиясы мамандығының 2 курс студенттері Құрманалиева Сымбат, Күнтай Еркежан, Бекболат Марина, Жанарбек Күннұр презентациялар дайындап, баяндама жасады. Баяндама тыңдалып болған соң «Шетелде оқу сапалы білімнің кепілі бола ала ма?» деген тақырыпта студенттер арасында үлкен ой бөлісу болды.   

Ұйымдастырушы: Байелі Ә.Ж.