«Қазіргі Қазақстанның гендерлік мәселелері» дебат

31 қазан, 2023

Әйелдер мен қыздар әлем халқының тең жартысын құрайды, бұл адамзат әлеуетінің жартысына тең. Адамның маңызды құқықтарының бірі  гендерлік теңдік қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуде және тұрақты даму негізінде адам әлеуетін толық іске асыруда басты рөлді атқарады. Әйелдердің қоғамға араласуы еңбек өнімділігі мен экономикалық өсуді қамтамасыз ететіні дәлелденді. Өкінішке орай, ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктері бойынша толық теңдікке қол жеткізу үшін адамзатқа ұзақ жол бар.

Осы мәселенің өзектілігін ескере отырып, 2023 жылдың 31 қазанында Медицина және денсаулық сақтау факультетінде ЭБ және ДМ кафедрасының доценті Раушанова А.М. «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 4 курс студенттерімен «Пікірталас: қазіргі Қазақстанның гендерлік мәселелері» атты вебинар өткізілді.