Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің туғанына 125 жыл

3 қараша, 2023

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

 

ЖУРНАЛИСТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ЮНЕСКО-НЫҢ ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ КАФЕДРАСЫ

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

Құрметті әріптестер мен студенттер, қадірлі қонақтар!

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы мен журналистика факультетінің ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 4-8 желтоқсан аралығында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтің 125 жылдығына арналған ЖҮРГЕНОВ АПТАЛЫҒЫ өтетінін хабарлайды. Осы апталық аясында төмендегідей іс-шаралар өткізіледі:

 

  1. «Т. Жүргенов жүрген ізбенен» атты Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының мұражайына экскурсия.

Күні: 4 желтоқсан 2023 ж.

Өтетін уақыты: сағат 10.00-13.00 аралығында

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 127.

 

Мақсаты мен міндеттері:

- көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргенов мұражайындағы экспонаттар, қолжазбаларымен, кітаптарымен, деректі материалдармен, т.б. танысу;

- студенттерді Т.Қ. Жүргеновтың өміріндегі қызықты әрі деректерті дүниелермен таныстыру;

- өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, өз елінің мәдениеті мен әдебиетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу;

- Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының тарихымен танысу, ғимаратқа саяхат;

 

  1. Жүргеновтану дәрістері

Күні: 5 желтоқсан 2023 ж.

Өтетін уақыты: сағат 11.00

Мекен-жайы: ҚазҰУ қалашығы, филология факультеті, М.О. Әуезов атындағы                         316-дәрісхана.

 

Дәріскерлер: Темірбек Жүргенов атындағы Қоғамдық қордың төрағасы, Қызылорда қаласының Құрметті азаматы, Құрмет орденінің иегері Сәпен Әбдіқадырұлы Аңсатов; жазушы, публицист, тарих ғылымдарының кандидаты Бейбіт Орынбекұлы Қойшыбаев; Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Мәдениет қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, жүргеновтанушы-ғалым  Бауыржан Сәбитұлы Иманғалиев

 

Мақсаты мен міндеттері:

- Жүргеновтану саласындағы соны ғылыми-зерттеулермен танысу;

- студенттерді көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Т.Қ. Жүргенов шығармаларының публицистика мен отандық әдебиеттанудан алатын орны мен маңызы туралы мәліметтермен кеңірек танысу;

 

  1.  Т.Қ. Жүргенов туралы деректі фильмді көру және талқылау.

Күні: 5 желтоқсан 2023 ж.

Өтетін уақыты: сағат 12.00

Мекен-жайы: ҚазҰУ қалашығы, филология факультеті, М.О. Әуезов атындағы 316-дәрісхана.

 

Мақсаты мен міндеттері:

- Т.Қ. Жүргеновтың өмірбаянымен студенттерді таныстыру;

- Т.Қ. Жүргеновтың Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ашылуындағы рөлін анықтау

 

  1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерейтойына орай, осы оқу орынның негізін салушылардың бірі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған «Т.ЖҮРГЕНОВТІҢ РУХАНИ МҰРАСЫ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Күні: 6 желтоқсан 2023 ж.

Өтетін уақыты: сағат 11.00

Мекен-жайы: ҚазҰУ қалашығы, Әл-Фараби кітапханасы, 409-конференц-зал

URL: Zoom платформасы.

 

Конференцияның мақсаты мен міндеттері:

- Мемлекет қайраткері Т.Жүргеновтің өмірі мен рухани мұрасын кең көлемде дәріптеу, оның Орта Азия мен Қазақстанның ғылымы мен білімін, мәдениеті мен өнерін дамытудағы еңбегін зерделеу;

- Т. Жүргенов және Қазақстан жоғары мектебі: тарихы мен тағылымы;

- Мәдениет, оқу-ағарту, медиакоммуникация салаларының өзара байланысы мен ықпалдастығын айшықтау.

 

*Толық ақпаратты 1-қосымшадан алуға болады.

 

  1. «Темірбек Жүргенов – түркі әлеміне ортақ тұлға» атты эссе конкурсының нәтижесі бойынша марапаттау рәсімі

Күні: 7 желтоқсан 2023 ж.

Өтетін уақыты: сағат 16.00

Мекен-жайы: ҚазҰУ қалашығы, филология факультеті М.О. Әуезов атындағы                    316-дәрісхана.

 

Қатысатындар: магистранттар мен студенттер, қонақтар.

 

Эссе тақырыптары:

  1. Темірбек Жүргеновтің рухани, әдеби  мұрасы
  2. Темірбек Жүргенов – түркі әлеміне ортақ тұлға
  3. Темірбек Жүргенов – қарымды сыншы-көсемсөз иесі
  4. Темірбек Жүргенов және  қазақ мәдениеті
  5. Темірбек Жүргенов – көрнекті мемлекет қайраткері

 

*Толық ақпаратты мен ережесін 2-қосымшадан алуға болады.

 

  1. Апталықтың жабылуы:

Күні: 8 желтоқсан 2023 ж.

Өтетін уақыты: сағат 16.00

Мекен-жайы: ҚазҰУ қалашығы, филология факультеті, М.О. Әуезов атындағы                        316-дәрісхана.

Мақсаты мен міндеттері:

- «ЖҮРГЕНОВ АПТАЛЫҒЫН» университет және факультет басшыларының қорытындылауы.

- «ЖҮРГЕНОВ АПТАЛЫҒЫ» барысында жеңімпаз атанған, белсенділік танытқан магистранттар мен студенттерді, қонақтарды марапаттау.