Оралхан Бөкей - көрнекті редактор, көсемсөз шебері

6 қараша, 2023

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
 
2023 жылдың 30 қарашасында сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (Фараби кітапханасы, №409 мәжіліс залы) жазушы-драматург, журналист, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Жастар сыйлығының лауреаты, Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты Оралхан Бөкейдің  туғанына 80 жыл толуына орай «Оралхан Бөкей – көрнекті редактор,  көсемсөз шебері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция  өтеді.
Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы демеушілермен бірлесе отырып «Ең үздік ғылыми жұмысқа», «Ең үздік баспасөз материалына», «Дизайн өнерінің үздік туындысына» байқау жариялайды.
Байқаудың мақсаты – студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми ізденісін арттыру, шығармашылық ойы мен жаңа идеяларын жүзеге асыруға ықпал ету.
Байқаудың міндеті – редактор, жазушы-драматург, журналист, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Оралхан Бөкейдің  ұлттық журналистиканы, ұлттық әдебиетті дамытуға қосқан ерекше үлесін өскелең ұрпаққа таныстыру, кемеңгерлігі мен қайраткерлігін,  адамгершілігі мен парасатын ғылыми ортаға, көпшілік қауымға кеңінен насихаттау.
Байқаудың номинациялары:
–​Ең үздік ғылыми жұмыс;
–​Ең үздік баспасөз материалы;
–​Дизайн өнерінің үздік туындысы.  
Жалпы ережелер:
1.1.​Оралхан Бөкей атындағы шәкіртақы (бұдан әрі – «шәкіртақы») әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті (бұдан әрі – «факультет») студенттері, магистранттары және докторанттарының оқудағы, ғылымдағы және журналистика мен дизайн саласындағы шығармашылық ізденістеріне қолдау көрсету, сондай-ақ жазушы-драматург, журналист, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Оралхан Бөкейдің  есімін өскелең ұрпақ есінде қалдыра отырып, өміршең өнегесін үлгі ету мақсатында тағайындалып отыр.
1.2.​Байқау журналистика факультетінде барлық мамандықтар бойынша бюджеттік және ақылы түрде қазақ, орыс, ағылшын топтарында оқитын бакалавриат, магистрант, докторанттар арасында а) ғылыми-зерттеу; ә) журналистік және дизайнерлік ізденіс бағыттары бойынша өтеді.
1.3. Шәкіртақы «Оралхан Бөкей оқулары» атты ашық байқау (бұдан әрі – «байқау») қорытындысы негізінде беріледі.
1.4.​Шәкіртақы  байқау жеңімпаздарына үш категорияда беріледі:
●​I орын
●​II орын
●​III орын
Материалдарды қабылдау мерзімі: байқауға қатысатын жұмыстар 2023 жылдың 29 қарашасына дейін kaznu.baspa_design@mail.ru электронды поштасына жолдануға тиіс.
 
Байқау нәтижелері 2023 жылдың 30 қарашасында шығады.
 
Байқауды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Журналистика факультетінің Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы ұйымдастырып, жариялайды.
​Әділқазылар алқасы
Ең үздік жұмыстар әділқазылар алқасы мүшелерінің шешімімен іріктеледі. Әділқазылар алқасының құрамына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушы-профессорлары, танымал журналистер, белгілі редакторлар, қоғам қайраткерлері кіреді.
​Байқаудың негізгі талаптары:
«Оралхан Бөкей – көрнекті редактор,  көсемсөз шебері» атты конференция аясында өтетін байқауға ұсынылатын ғылыми-зерттеу жұмыстар, баспасөз материалдары, бейнелеу өнерінің туындылары шараның мақсаты мен міндеттеріне сай болуы шарт.
2. Марапаттау:
2.1​Ең үздік деп танылған жұмыстың авторына бір мәрте берілетін шәкіртақы сертификаты және «Алғыс хат» табыс етіледі.
2.2​Байқаудың қорытындысы республикалық бұқаралық ақпарат  құралдарында, әлеуметтік желілерде жарияланады.
2.3​Байқау жеңімпазына шәкіртақы оның жеке есепшотына аударылады немесе қолма-қол беріледі, шәкіртақы берілгені жөнінде растама алушының қолымен ресімделеді.
Ғылыми жұмыстар мен жобаларға қойылатын техникалық талаптар:
Ғылыми жұмыс пен дизайн жоба талапқа сай қағазға шығарылып, ал баспасөзде жарияланған материал «Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер» кафедрасына ұсынылуы тиіс.
Жазбаша жұмыстарға қойылатын талаптар:
1.​Ғылыми жұмыс (мақала) мәтіні 10 бет көлемінде өткізіледі (Жазылу талабы қосымшада көретілген).
2.​Беттің форматы: төрт шеті де – 2 см;
3.​ Қарпі: Times New Roman, Kz Times New Roman, кегль -14,1-аралық интервал, жаңа жол – 1,25 см.
4.​Әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстың соңында және тізім тәртібіне сәйкес жазылады. Сілтеме тік жақшамен көрсетіледі. Сілтемені қолданғанда дереккөздің бетін көрсетуі керек. Мысалы: [1, 256-б].
 
Дизайн жобаларға қойылатын талаптар:  
1.​Жоба графикалық редакторлар арқылы орындалады.
2.​Дайын жобаны ПВХ (винил, оракал) шығарып өткізеді.
3.​Жобаның форматы – 40х60 см.
4.​Кітап мұқабасының екі бетін де шығарады.
 
Баспасөз материалына қойылатын талаптар:
Міндетті түрде мерзімді басылымдарда не сайтта жариялануы керек.
 
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті
Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор – А.А. Рамазан (тел.: +7776-118-08-47).
Ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары – Е.Т.Кисмисов (тел.: +707 520 99 56).
Электронды пошта: kaznu.baspa_design@mail.ru