ТДМ 13 аясында өткен «ТАБИҒАТТЫ АЯЛАЙЫҚ» ашық кураторлық сағаты
Табиғатты аялау мақсатында тыңдаушылардың туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, табиғатты қорғауда үлкен жауапкершілікті қалыптастыру. Осы орайда, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ кафедрасының тыңдаушыларының қатысуымен "Табиғатты аялайық" атты ашық кураторлық сағат өтті. Табиғатқа деген мейірім ықыласын, табиғат байлықтары мен жан-жануар, өсімдіктерге жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу. Қоршаған ортаны таза ұстауға баулу. Таза табиғат үшін күрес – өмір үшін күрес екенін тыңдаушылардың бойына сіңіре отырып, өзіміз өскен ортаның табиғатын қорғауға шақыру. Табиғат адам баласынның екінші анасы, бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, аялы бесігі, құтты қонысы және өсіп-өнеген мекені. Сондықтан Табиғат ананымызды қорғау – жастар, Сіздердің қолдарыңызда!!!