ТДМ 3 аясында «Спорт – саулық кепілі» тақырыбында өткізілген шара
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 25-26 топ кураторының ұйымдастыруымен «Спорт денсаулықтың кепілі» атты ұранымен жүгіруден кіші жарыс өткізілді. Аталған шара ҚазҰУдың спорт кешені стадионда және Медеуде өтті.
Бұл спорттық шараның басты мақсаты болашақ дене шынықтыру пәнінің мамандығына баратын тыңдаушыларға спорт саласына алғашқы қадамы және шетелден келген тыңдаушылардцң қоғамға үйренісу, салауатты өмір салтын насихаттап, өзара достық қарым-қатынасты қалыптастыру, бос уақыттарын тиімді пайдалану іс-шараларға жұмылдыру болып табылады. Сонымен қатар, есірткі тұтынудың зияндылығы мен зардаптарын ұғындырып, мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асуына ықпал тигізді.
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Ата-бабамыз «Тәні саудың-жаны сау»-деп бекер айтпаған. Салауатты өмір сүру дегеніміз-тазалық сақтап, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану. Қазіргі уақытты өткен кезеңмен салыстыра алмаймыз, себебі уақыт өте көптеген өзгерістер өмірге енді. Тіпті бала тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қараймыз. Қазіргі таңда қоғамдағы жат қылықтар жастарға кері әсерін тигізуде. Жастар арасында темекіге, ішімдікке еліктеушілік, тіпті нашақұмарлық та өршіп бара жатқандай. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы зор. Жастарды болашақтың тірегі болатын, денсаулығы мықты азамат ретінде қалыптастыру керек. Жастардың жан-жақты дамуын спортсыз елестету мүмкін емес. Спорт — барлық тәрбие атауының бір саласы. Оның түп негізі-қозғалыссыз тіршілік болмақ емес. Спорт жаттығуларын жүйеге түсіріп белсенді бір мақсатқа бағыттаса, оның берері көп. Бірінші байлық-денсаулық деген, ал сол денсаулықтың кепілі спорт. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өмірге қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам баласы жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің ауданда жағдай жасалған.