Онлайн бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

21 қараша, 2023

Құрметті студенттер мен түлектер!

            Сіздерді 2023 жылдың 21 қарашасында «Алматы қаласының еңбек мобильділігі орталығы» КММ ұйымдастыратын онлайн бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысуға шақырамыз.

            Жәрмеңке онлайн форматында өтеді және ұялы телефон арқылы да қатысуға болады. Өтініш берушінің жұмыс берушімен чат және бейне сұхбат жүргізуге және қатысуға мүмкіндігі бар, оған https://tanda.enbek.kz порталында тіркелу жеткілікті.

            Жәрмеңкенің мақсаты – tanda.enbek.kz порталында цифрлық технологияларды ескере отырып, бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу.