Кураторларға арналған тренинг-семинар

12 қараша, 2023

2023 жылдың 26-қазанында «Қазжол» қонақүйінің «Алатау» залында
«Сапалы білім» Тұрақты даму мақсаттарына орай, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ факультеттерінің аға-кураторларына арналған семинар-тренинг өтті. Тренингке қоғамдық денсаулық сақтау жоғарғы мектебінің аға кураторы Г.А. Арынова қатысты. Тақырыбы: «Денсаулық сақтайтын технологиялар және студенттермен жұмыс жасауда эфективті қарым-қатынас». Атаулы іс-шара филососфия және саясаттану факультеті және МЕҰ «Денсаулық үшін партнерлер» Меморандумы аясында ұйымдастырылды. Оқу-тренингінің мақсаты: жұмыста және өмірде ұсынылған материалдар мен технологияларды қолдана отырып, әріптестермен және студенттермен қарым-қатынас сапасын жақсарту. Кураторлар денсаулық сақтау технологиясы: арт-терапия дағдыларын тәжірибе жүзінде меңгерді. Семинар соңында аға-кураторларға сертификаттар табысталды. Кураторлар семинар-тренингтің жақсы өткеніне тренерлерге рахметтерін айтып, ризашылықтарын білдірді.