«Болашақ мамандардың құзыреттілігі»

15 қараша, 2023

Шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Баймуратова И.А.  УНИВЕРСИТЕТ ЖОСПАРЫ БОЙЫНША  өткізілетін іс-шаралар аясында
Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға байланысты 15 қараша күні сағат 17.00-де «Болашақ мамандардың құзыреттілігі» тақырыбында Биология және биотехнология факультетінде Биомедицина мамандығы, 1 курс магистранттарымен жоба сабағын өткізді. Жобалық сабақ барысында магистранттар ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын басшылыққа ала отырып және оны іске асыруға байланысты болашақ мамандар халықаралық еңбек нарқында бәсекелестіктің талаптарына сай және оған дайын болу үшін қандай кәсіби құзіреттіліктер мен қабілеттілікті меңгеруі керек деген мәселелерді талқылап, осы тақырып аясында өз пікірлерін ашық ортаға салып, өзекті ойларымен бөлісті. Қорытындылай келе, болашақ мамандар үшін бәсекелестік талаптарына сай болу үшін өз мамандығы саласында жоғары білікті болумен қатар жеке бас құндылықтары мен дағдылары, өмір тәжірибесі де өте маңызды екені атап өтілді
Ұйымдастырушы: Баймуратова И.А.