ҚР САНИТАРЛЫҚ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ҚР орнықты даму мақсаты: «Сапалы білім беру»

21 қараша, 2023

16. 11.2023 сағ. 14.00 де  кітапхананың «Абай» залында «ҚР санитарлық эпидемиологиялық бақылау қызметінің ұйымдастыру-құқықтық аспектілері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге  ЭжДМ кафедрасының доценті, заңгер, тәуелсіз  сарапшы Ауезова Эльмира Тугелбаевна, Алматы қалалық санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің  бас мамандары және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша білім алып жатқан  1-4 студенттері қатысты.

Эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының қауымдастырылғани профессоры Кошкимбаева С.А. алғы сөз айтып, қонақтармен таныстырды. «ҚР санитарлық эпидемиологиялық бақылау қызметінің ұйымдастыру құқықтық аспектілері» тақырыбында ЭБжДМ кафедрасының доценті, заңгер, тәуелсіз  сарапшы Ауезова Эльмира Тугелбаевна презентация жасап, студенттермен дәстүрлі түрде «сұрақ-жауап» өткізді. Алматы қалалық санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының санитарлық-гигиеналық мәселелер бойынша орынбасары Каткенова Гаухар Сұлтанқызы, персоналды басқару бөлімінің басшысы Салқынбаев Зейнулла Бекмурзаевич, ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімінің басшысы Мухамедиев Мейірхан Нурахунович болашақ мамандарға санитарлық-эпидемиологиялық, ұйымдастыру-әдістемелік және құқықтық мәселелер бойынша кеңес беріп, тәжірибелерімен бөлісті.

Дөңгелек үстелге қатысқан заңгер, тәуелсіз  сарапшы Э.Т. Ауезоваға, Алматы қалалық СЭБД өкілдері Г.С.Каткеноваға, З.Б.Салқынбаевқа және, М.Н.Мухамедиевке алғыс айтамыз.