Тойбай Дамир бокстан VI жазғы Спартакиада чемпионы

20 қараша, 2023

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Медицина және денсаулық сақтау факультеті «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті, 13-19 қараша аралығында Астанада өткен VI жазғы Спартакиадада +92 келі салмақта бокстан Дамир Тойбай чемпион атанды.

Дене шынықтыру және спорт бөлімі Тойбай Дамирді шын жүректен құттықтайды!