Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Gift университетінің ректорымен кездесу өтті

22 қараша, 2023

2023 жылдың 22  қараша күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Философия және саясаттану факультетінің деканы Б.Б.Мейрбаев, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі А.Д. Курманалиевамен Gift университетінің ректоры, профессоры Др. Шахид Курешимен және «Кәсіпкерлікті дамыту орталығының» директоры Амбрин Рашид Ханмен кездесу өтті. Кездесуде мәртебелі қонақтар Қазақстан-Пәкістан қатынастарының қарқынды  даму үстінде екенін айта келіп, Қазақстан тәуелсіздік алып, дипломатиялық қатынастар орнағаннан бері екі ел арасында ешқандай келеңсіз проблемалар болмағанын баса айтты. Елдер мен халықтар арасындағы байланыстарды дамытуда кәсіпкерліктің маңызды рөл атқаратындығы туралы сөз қозғалды. 

Gift университеті 2002 жылы Гуджранвала ауданында сапалы білім беру мақсатында құрылған университеттердің бірі. Жастарға халықаралық стандарттарда білім беруді мақсат еткен Gift университеті осы өңірдің жастары мен жас мамандарына сапалы білім беру үшін әлемдік деңгейдегі нысандарды, профессор-оқытушылар құрамын халықаралық тәжірибемен және үздік инфрақұрылыммен қамтамасыз етті. Университет ректорының жолдамасына сәйкес GIFT университетінің Пәкістандағы дамып келе жатқан кәсіпкерлік университеті екенін және инновациялар мен кәсіпкерліктің негізгі факторлары ретінде технологиялық жетістіктерге назар аударатынын көруге болады.

Кездесу соңында Философия және саясаттану факультетінің деканы Б.Б. Мейрбаев, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі А.Д.  Курманалиевамен Gift университетінің ректоры, профессоры Др. Шахид Курешимен және «Кәсіпкерлікті дамыту орталығының» директоры Амбрин Рашид Ханмен өзекті мәселелер қозғалып, болашақта кәсіпкерлікті дамыту барысында өзара қарым-қатынаста болу көзделді. Қазіргі кездегі білім алуға ұзақ уақыттың жетіспеушілігі мен қысқа мерзімде мамандық алып шығу қажеттілігі контексінде университеттің алға кеткені байқалды және осы бағыттағы тәжірибелері құнды болды.