Cтуденттердің рухани-адамгершілік мәдениетін арттыру

27 қараша, 2023

Тұрақты даму мақсаттары аясында э.ғ.к., аға оқытушы Г. Б. Нурсейтова "Менеджмент" мамандығының 1-курс студенттерімен Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына, "Қаракөз" қойылымына барып рухани азық алып қайтты. Бұл кездесудің мақсаты - студенттердің рухани-адамгершілік мәдениеті деңгейін арттыру және бос уақыттарын тиімді пайдалануға шақыру. Театр актерлері керемет өнер көрсетіп, жастарды тарихи және қазіргі өмір мәселелерінің шындығына шынайы көзқарастарын қалыптастырды.