Бизнес жаңа экологиялық технологияларды дамытуға, еңбек стандарттарын арттыруға, жұмыс орындарын құруға және т.б. байланысты үрдістерді айқындау мүмкіндіктеріне ие бола отырып, елдің тұрақты даму саласын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Бүгінде Қазақстан және Орталық Азияда жұмыс істейтін халықаралық компаниялар тұрақты даму саласында қандай тәжірибелерді іске асыруда? Компаниялардың негізгі мақсаты мен тұрақты даму стратегиясы арасында қандай қарама-қайшылықтар бар? Бұл сұрақтардың барлығы 2023 жылы 20 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінде CCI Kazakhstan компаниясының Корпоративтік қатынастар және тұрақты даму жөніндегі директоры Алима Исембаеваның қонақ дәрісі барысында талқыланды.
Бұл форматтағы кездесулер құрылымдық презентация, ашық талқылау және тереңірек талдау арасындағы теңгерімді қамтамасыз ете отырып, студенттерге тақырыпты көп қырынан қарастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, студенттер жаһандық брендтің мәдени және іскерлік аспектілерін меңгеруі барысында сыни ойлау қабілеттерін арттырады. Мысалы, Әмина Тоғусаева мен Амрина Адина секілді студенттер Қытай, Қазақстан, Түркия сияқты елдердегі кока-кола дәмінің әртүрлілігіне байланысты қызығушылықтарын танытып сұрақтар қойды. Студенттер өз пікірталастарында қарастырған мәселелер: жергілікті артықшылықтар, тәттілендіргіштердің түрлері, құрамындағы заттардың қолжетімділігі, мәдени маңыздылығы, қапталуы және презентация, жаһандану және оқшаулану, жарнама және маркетинг әсері, экономикалық факторлар. Пікірталасқа Sciences Po Саяси Зерттеулер Институтының (Париж) алмасу бағдарламасы бойынша оқитын студенттері де белсенді қатысты.
Дәрісті халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы ұйымдастырды (аға оқытушы Утегенова А.Р. және аға оқытушы Нуралиева С.А.). Осы іс-шара бизнестің, азаматтық қоғамның және халықаралық ұйымдардың рөлін талқылауға бағытталған іс-шаралардың жоспарланған кезеңінде бірінші шара болып табылады.