ХII Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

21 қараша, 2023

21 қараша 2023 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжі, «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» Қоғамдық қоры және «Тұран» университеті бірлесе ұйымдастырған «Қазіргі және болашақ туралы ғылым» атты ХII Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция  өткізілді. 
Конференцияның мақсаты – білім алушыларды қазіргі ғылымның өзекті мәселелерін шешуге тарту, олардың шығармашылық белсенділігін дамытуға, зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету болып табылады. Ғылым, білім, мәдениет саласындағы ынтымақтастықтың орнауы ортақ ғылыми зерттеулер нәтижесіне қол жеткізумен қатар,  білім сапасын арттыруға, жаңа жобалар мен тың идеялардың нәтижесінде лайықты жұмыс табуға, ұсынылған жобаларды жүзеге асыру арқылы болашақта өз табысын арттырып кедейлікті жоюға ықпал етеді.  
Конференция аясында 4 секция жұмыс жасап, республикамыздың түрлі мектептері мен колледждерінен 200-ден аса баяндама келіп түсті.
Қатысушылардың зерттеу жұмыстарына әр түрлі жоғары оқу орындары мен  колледж оқытушылар құрамынан құралған әділ қазылар  баға беріп, ой-пікірлерін білдірді. Барлық жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен естелік, сыйлықтар табысталды.