МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРІНЕ КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ МАҢЫЗДЫ ІСТЕРДІҢ БІРІ
2023 жылдың 11 қараша күні Еңбекші қазақ ауданы, Есік қаласындағы Рахымжан Тоқатаев атындағы орта мектебінде кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу мақсатында Қазақстан тарихы кафедрасының бір топ ғалымдары аталған мектептің ұжымы мен 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесуге Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті тарих факультеті, Қазақстан тарих кафедрасының ОПҚ-ы, т.ғ.д., профессоры, Сайлан Болат Санабайұлы, т.ғ.к., доцент Жұмаділ Арман Қабдешұлы, т.ғ.к., аға оқытушы Арынов Жумакан Маканұлы қатысты. Кездесуде сөз алған т.ғ.д., профессоры, Сайлан Болат Санабайұлы, «Тарих» мамандықтарының ерекшеліктеріне тоқталып өтті. Сонымен қатар, т.ғ.к., Жұмаділ Арман Қабдешұлы, елімізде тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау, сақтау және қалпына келтіру салаларындағы ғылыми мәселелерді айта отырып, болашақта халықаралық ғылыми жобаларды жүзеге асыру керектігіне тоқталып өтті. Ал т.ғ.к., аға оқытушы Арынов Жумакан Маканұлы 11 сынып оқушыларын білім беру бағдарламалары туралы ақпаратпен таныстыра отырып, болашақта қандай мамандық иесі болатыны туралы бағыт-бағдар берді. Кездесу барысында мектеп оқушылары болашақта қандай мамандық иесі болуы керектігі туралы сұрақтар қойып, тиісті жауап алды. Шараға қатысқан Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары өздерінің ғылыми еңбектерін мектепке сыйға тартты. Кездесу соңы мектеп оқушыларының өнерін тамашалаумен аяқталды.