Жаңа Қазақстандағы бүгінгі өскелең ұрпақтың алдында қойған басты мақсаты - білім мен ғылым сабақтастығын ұштастыру. XXI ғасыр - жастар өз әлеуетін барынша пайдалана отырып, табысты, бәсекеге қабілетті болуға барлық мүмкіндік ашылған кезең. Жаңартылған білім мазмұны да білім алушыларды өз білімін түрлі өмірлік жағдайларда қолдануын, тұлғаның жан-жақты дамуын, көшбасшылық, ұжымда жұмыс жасай білу қабілетін қалыптастыру міндетін көздейді. Біздің мектебіміз де оқушыларды ғылыми ізденістерге жетелеп, бұл бағыттағы жұмысты жетілдіріп келеді. Осы орайда бүгін оқушылардың ғылыми негіздері бойынша мектепішілік пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиадаға 8-11 сынып оқушылары белсене қатысты. Мектепішілік олимпиаданың басты мақсаты әрбір оқушыға өз білімі мен жан-жақты дамуын,сондай-ақ бәсекеге қабілеттілігін көрсетуге мүмкіндік беру. Олимпида 2 кезеңде өткізілді. 1-кезең 2023 жылдың қараша айының 29-ы күні барлық оқушылардың қатысуымен өтті. Көптеген оқушыларымыз 2 кезеңге жолдама алды. 2 кезең 2023 жылдың 30 қараша күні жалғасын тапты. Мектепшілік олимпиаданың нәтижесі бойынша нағыз бәсекелестік додаға сай оқу білімімен дараланған оқушылар аудандық олимпиадаға жолдама алды.