Кәсіптік бағдар беру дегеніміз - қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір мектеп бітіруші оқушының қабілеті мен бейімін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Яғни жоғары оқу орындарындағы әр саланың озық мамандары мектеп оқушыларына болашақта кім болатынына қарай бағдар беріп, өзінің мамандығының қоғамдағы рөлі туралы ақпарат беру деген сөз. Себебі еліміздегі жастардың осындай пайдалы ақпараттармен толық таныспай, мамандыққа кездейсоқ келуі олардың таңдаған мамандығына бейімделе алмай жұмыс орынын жиі өзгертуіне себеп болады. Сондықтан біздің университетіміз өз түлектерінде осындай мәселемен туындамау үшін кәсіби бағдар жұмысын жүйелі жолға қойып келеді. Соған байланысты 2023 жылдың 13 қазан күні археология, этнология және музеология кафедрасының мектеп оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар жұмыстары аясында Талдықорған қаласы №125 халықаралық мектебінің 10-11 сынып оқушыларына факультет тарихы, білім беру бағдарламалары туралы ақпарат берілді.