ТДМ 4. Сапалы білім

1 желтоқсан, 2023

27.11.2023-03.12.2023 аралығында Алматы қаласының РФММ физика кафедрасының ұйымдастырылумен өткізіліп жатқан физика апталығы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-техника факультетінің тығыз байланысы ретінде «7М01501-Физика» ББ координаторы ф.м.-ғ.к, асс. проф. К.М. Туреханова және 7М01501-Физика ББ магистранттары оқушылардың физика пәнін оқуға қызығушылығын арттыру, олардың ой-өрісін, қосымша біліммен  толықтыру мақсатында "Атмосфералық қысым", " Разряд түрлері", “Заттардың тығыздықтарын анықтау” және т.б тақырыптар бойынша ашық көрнекі түрде тәжірибелер жүргізді.