«Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы» пәнінен қалалық олимпиада.

2 желтоқсан, 2023

«Сапалы білім» Тұрақты даму мақсаттарына орай 2023 жылдың 17-қарашасында «қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 4 курс студенттері арасында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Қоғамдық  денсаулық сақтау факультетінің «Қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасында «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы» пәнінен қалалық олимпиада өтті. Олимпиадаға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Қазақ-Ресей медициналық университетінің қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының студенттері қатысты. 3 университеттен барлығы 14 студент қатысты. Олимпиада бағдарламасы бойынша 3 кезеңде өтті: Quizizz.com бағдарламасы бойынша тест тапсыру, білім беру ойыны түрінде сұрақтарға жауап беру, жағдайлық есептерді шешу. Тест тапсырмасын орындаудан жоғары балл алған 9 студент 2-сатыға өтіп, командалық сайысқа түсті. Командалық сайыста 3 университеттің студенттері араласып бөлінді. Қалалық олимпиаданың нәтижесінде  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультетінің 4 курс студенттері Байсынов Нұрлан, Қанатқали Шарбану, Ахметолдинова Назыкеш 1,2,3 орындарға ие болды. Студенттер «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы» бойынша нормативтік құжаттарды, гигиеналық талаптарды жақсы білетіндіктерімен көзге түсіп, жоғары нәтиже көрсетті. Олимпиаданың соңында қатысқан студенттерге сертификаттар, орын алған студенттерге дипломдар мен сыйлықтар табысталды.