ҚР БЖҒМ бағдарламасы аясындағы филология ғылымдарының докторы, профессор Киклевич Александр Константиновичтің дәрістер легі

12 қараша, 2023

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жоғары кәсіби және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау үшін шетелдік профессорларды тартуға сәйкес 2023 жылғы 12 қарашадан бастап 2023 жылғы 9 желтоқсанға дейін филология ғылымдарының докторы,  БЖҒМ бағдарламасы аясында профессорлық-оқытушылық құрам мен жас ғалымдарға арналған дәріс және практикалық сабақтар, оқыту семинарларын өткізді, докторлық диссертацияға жетекшілік етуді жүзеге асырды. Оның негізгі аудиториясы «Орыс филологиясы», «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламаларының білім алушылары мен орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушылары болды.   Профессор А.К. Киклевич он жылдан астам уақыт бойы Қазақстанның университеттерімен, оның ішінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен белсенді ғылыми және қоғамдық байланыста болды. Қазіргі уақытта ол «8D01704 – Орыс тілі мен әдебиеті» ББ 4 докторантының шетелдік ғылыми кеңесшісі. Орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасы профессорға сәттілік пен ғылымда жаңа жетістіктер тілей отырып, оны болашақта тағы күтетін болады.