Факультет түлектерімен кездесу өтті

24 қараша, 2023

ТДМ 16 іске асыру мақсатында ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдық мейрейтойының қарсаңына орай факультет түлектерімен кездесу өткізді. Кеш қонақтары 20-10-15 жыл бұрын бітіріп кеткен түлектер:
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері Нұржұма Елесбай, Qamshy.kz сайт директоры Қуаныш Біләл сондай-ақ ақын, мәдениет қайраткері Қайрат Құл-Мұхаммет, Ғалым Кәпу, Алматы технологиялық университеті, Жастар шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі Асқар Әкімбек, программист, “Қазақсофт” компаниясының жетекшісі Тәліп Нүсіп қатысты. 
Кеш шымылдырығын түлектердің құттықтау сөздерімен басталды. Қара шаңырақта алғаш білімге, өнерге қадамды осы факультетте бастау алғанын, естен кетпес қызыққа толы студенттік өмірлерінен сыр шертті. Жиынның соңын жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті деканының тәрбие жұмыс жөніндегі орынбасары Н.Б. Тәуекелов мырза қорытындылады. Салтанатты жиын түлектердің ән шашу шымылдығын жапты.