ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

3 желтоқсан, 2023
  • Жансейіт Түймебаев Германияның Бохум қаласында өткен «Шығыс: жаңа перспективалар мен байланыстар – Грузия, Қазақстан және Өзбекстан» тақырыбында өткен конференцияға қатысып,  «ҚазҰУ-дағы жоғары дәрежелі зерттеулер және Қазақстандағы мемлекеттік қаржыландыру мүмкіндіктері» тақырыбында баяндама жасады. 
  • Жансейіт Түймебаев Германияға жұмыс сапары аясында Бохум қаласындағы Рур университетінің (RUB) ректоры Мартин Паульмен кездесті. Жүздесуде тараптар университеттер арасындағы өзара іс-қимылды дамыту, бірлескен орталық құру мәселелерін, ғылым-білім ынтымақтастық бағыттарын талқылады.
  • Сондай-ақ оқу ордасының басшысы Берлин техникалық университетінде болып, БТУ президентінің халықаралық байланыстар жөніндегі уәкілі, профессор Франк Берендтпен кездесу өткізді. Тараптар серіктестікті нығайтуға, білім мен ғылым саласындағы байланыстарды тереңдетуге баса мән бере отырып, екі университет арасындағы қарым-қатынастың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы туралы пікір алмасты. 
  • Жансейіт Қансейітұлы Еуропалық менеджмент және технологиялар мектебінің (ESMT) президенті, профессор Йорг Рохолльмен жүздесті.