Студенттер «Кәсіпкерлік» пәні бойынша жаппай ашық онлайн курсынан өтті

4 желтоқсан, 2023

Жаппай ашық онлайн курстар студенттерге үйден шықпай-ақ жоғары деңгейдегі оқуға қол жеткізуге мүмкіндік береді. «Кәсіпкерлік» ЖАОК «Экономика» кафедрасының профессор-оқытушылық құрамымен әзірленген. Курс авторлары: Нурманова Б.З., Даулиева Г.Р., Есенгелдиева Г.Т., Табеев Т.П., Андабаева Г.К. Осы 2023-2024 оқу жылында курс қайтадан қосылған. Соның нәтижесінде «Кәсіпкерлік» ЖАОК-нан 6B05402-Математика, 6B04103-Экономика, 6B04109-Цифрлық экономика, 6B04102-Менеджмент, 6В02205- Тарих, 6В04104-Әлемдік экономика, 6В03204-Архивтану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету, 6В03208-Сандық архивтану және құжаттану, 6В02212-Тарих және шетел тілін меңгеру білім беру бағдарламаларында білім алатын студенттер өтіп, сертификаттарын алды. Курс әр студентке сапалы білім алуға, білімі мен дағдыларын кеңейтіп, мансапта жаңа биіктерге жетелейді. Бұл өзін-өзі дамыту және жеке өсу үшін бірегей мүмкіндік болып табылады және ТДМ 4 мақсатының орындалуына үлкен үлесін қосады.