2023 жылдың 5 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУдың халықаралық қатынастар факультетінде Швейцарияның Қазақстандағы және Тәжікстандағы төтенше және өкілетті елшісі Салман Бал «Не үшін мультилатерализм маңызды?» тақырыбында студенттер мен жас зерттеушілерге елшілік сағатын өткізді.
Дәріс барысында Швейцарияның саяси көзқарасы, әлемде болып жатқан оқиғалар, Қазақстан мен Швейцарияның көптілді, көпмәдениеттілік , табиғаты тұрғысынан кейбір ұқсастықтары мен ерекшеліктері, көпвекторлы саясаттың өзектілігі жайында ақпараттар берілді. Өз кезегіндестудентер мен ғалымдар әлемдік мәселелер бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ, келешекте швейцариялық университеттермен, академиялық қауымдастықпен қарым-қатынасты одан әрі нығайту, студенттер мен зерттеушілердің алмасу бағдарламаларын жолға қою, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.