ҚЫСҚЫ МЕКТЕП

6 желтоқсан, 2023

«Тұрақты даму мақсаттары» (ЦУР) (Мақсатқа жету жолындағы серіктестіктер ) жобасының негізінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушы-профессорларының ұйымдастыруымен «Қазақстан және Пәкістан: мәдени-тарихи байланыстар" атты қысқы мектеп өз жұмысын бастады. Пәкістан Ислам Республикасының Заманауи тілдер университетінің (NUML) және Пенджаб Университетінің (University of the Penjab Lahor) 30-ға жуық студенті 10 күндік қысқы мектеп курсына белсене қатысып отыр. Пәкістандық студенттерге Қазақстанның географиялық, саяси, экономикалық ахуалы, Пәкістан мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық туралы дәрістер дайындалды. Шетелдік студенттер тарабынан Қазақстан табиғаты, қалалары, тарихы мен әдебиетіне деген қызығушылық пайда болды. Аталған қысқы мектеп 2023 жылдың 4-15 желтоқсан аралығында өтеді.