ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ тыңдаушылары Д.А. Қонаев атындағы музейге барып қайтты. Осы музейдің ерекшелігі-Дінмұхамед ағамыздың тұрған жерін, пайдаланған заттарын көріп, үйдің атмосферасын сезінуге мүмкіндік алды. Экскурсия жүргізушісі тыңдаушыларға көптеген қызықты мәліметтерді айтып беріп, Қонаевтің қару, қанжар, кітап жинағын көрсетті. Д. Қонаев көптеген елдерге саяхатқа барған кездерде, шетел басшылардың сыйлықтарына ие болған. Экскурсия барысында тыңдаушылар тың мәліметтер жинап, жақсы көңіл күймен оралды. Бірнеше рет естігеннен көрі, бір рет барып көрудің әсері мол.
Музейдің экспозициясы әрбір халықтың мәдени байлығы мен ерекшелігін көрсететін экспонаттар арқылы әлемдік өнердің негізі мен даму сатыларын байқауға болатын тарихи хронологияға негізделген. Жан- жағыңнан қоршаған картиналарға қарап, әр уақыттың тыныс - тіршілігіне куә боласың. Атамекенге келген қандастар осындай мәдени-тарихи іс-шаранын болып жатқанына ризашылықтарын білдірді.