АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу

8 желтоқсан, 2023

   «Тұрақты даму» бағыты бойынша «Денсаулық пен әл-ауқат» мақсатының аясында оқытушы Қожабек Ляйла әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Медицина және денсаулық факультетінінде оқитын 4-курс студенттеріне халықаралық ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында 2023 жылы  2-желтоқсанда баяндама жасады. Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні - бүкіл әлемдегі денсаулық мәселелеріне назар аударуға бағытталған маңызды халықаралық мерекелердің бірі.  Бұл тақырып бүгінде өте өзекті болып отыр. Студенттер осы мәселенің клиникалық көріністерін, асқынуларын және болдырмау жағдыйларын өте қызу талқылады.