Тұрақты даму мақсаттары 3: Аштықты жоюға бағытталған «АзиаАгроФуд» АҚ тұрақты қызметімен танысу  

8 желтоқсан, 2023

«Азия Агрофуд» АҚ — Қазақстанда сироп, құрама жем және нан пісіру ұнын өндіру саласындағы еліміздегі көшбасшы өндіріс орны болып саналады.

Студенттерге арналған өндірістік экскурсиялар кәсіби дағдылар туралы түсінік қалыптастыруға, кәсіби қызметке деген қызығушылықты дамытуға, кәсіби өсудің өзіндік мүмкіндіктері мен перспективаларын түсінуге және бағалауға, болашақ мамандықты таңдаудың маңыздылығын түсінуге мүмкіндік береді. Сол себепті, болашақ мамандарды «АзияАгроФуд» АҰ-на  болашақ жұмыс орындарымен таныстыру мақсатында өндірістік экскурсия жасадық. 

«Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігі» мамандығының студенттерін болашақта жұмыс жолында жетістіктерге жетуге құлшыныстарын ояту мен университеттегі алған теориялық білімдерін, тәжірибемен ұштастыру мақсатында «АзияАгроФуд» АҚ-на бір күндік экскурсия жасай отырып, өндірістің жұмыс барысымен осы өндірісте техника қауіпсіздігіне жауап беретін, ҚазҰУ -нің түлегі «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігі» мамандығының бакалаврын, магистратурасын үздік аяқтаған, осы аталған АзияАгроФуд АҰ-ның  білікті маманы Қалманбай Нұрболат таныстырды. Студенттерге өндірістің барлық жүріп жатқан үдірісін көрсете отырып, ондағы техника қауіпсіздік ережесін қалай сақтау керектігін, жұмыскерлердің техника қауіпсіздігі ережесін бұзғанда қалай жазаланатынын, қандай айыппұлдар салынатынын айтып өтті, сонымен бірге студенттерге, өндіріс орындарында міндетті түрде жүргізілетін нұсқаулық түрлерімен таныстырды. Студенттерді, яғни болашақ мамандарды өндіріс орындарымен таныстырудағы басты мақсатымыз,  болашақ жұмыс орындарымен таныстыру арқылы өз мамандықтарына деген құлшынысын арттырады деген сенімдеміз.