Болашақ - 30 жыл мерекелік форумы

8 желтоқсан, 2023

2023 жылдың 8 желтоқсанында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дың профессоры, ф.ғ.к., дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі Сейдикенова Алмаш Смайылқызы “Болашақ” стипендиясының 30-жылдығына арналған Астана қаласында өткен форумға үздік түлек ретінде арнайы шақырылды. Естеріңізге сала кетер болсақ, Алмаш Смайылқызы 2022 жылдың наурызынан желтоқсанына дейін Ұлыбританияның Бирмингем үздік университетінде 500-ғалым жобасы шеңберінде “Білім беру саласындағы менеджмент” мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан сәтті өтіп, шетелдік әріптестері тарапынан білімі мен біліктілігі “өте жақсы” бағаланып, “Заманауи тілдер және аударма” департаментінің шақырылған профессоры ретінде қызмет етіп, түлектерге ресми диплом тапсыру салтанатына қатысқан. Алмаш Смайылқызы шетелде жинаған іс-тәжірибесін білім беру саласында, кафедраның даму стратегиясында, халықаралық байланыстарды дамытуда  кеңінен қолданып, әріптестерімен бөлісуден жалыққан емес.