Халықаралық құқық кафедрасының делегациясы Қытайдың Харбин технологиялық университетінде өткен халықаралық ғылыми форумға қатысты

13 желтоқсан, 2023

Кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Т. Сайрамбаева, заң ғылымдарының докторы, профессор С.Ж. Айдарбаев, з.ғ.к., аға оқытушы Д.В.Татариновтан құралған халықаралық құқық кафедрасының делегациясы Қытайдың Харбин технологиялық университетінде "Белдеу және жол" жобасының 10 жылдығы аясында өткен халықаралық ғылыми форумға қатысты. Сапар барысында университет проректоры, профессор Чжэн Лянмен, сондай-ақ Гуманитарлық, әлеуметтік ғылымдар және құқық мектебінің директоры Ли Сюэмен кездесулер ұйымдастырылып, ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша екі тарап «Халықаралық және салыстырмалы құқық бойынша қытай-қазақ бірлескен оқу-зерттеу орталығын» құруға келісті, оның аясында қос дипломдық бағдарламаларды құру, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, академиялық ұтқырлық бағдарламасы, ғылыми тағылымдамалар және т.б. жобалар да бар.