Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушыларына тұрақты даму мақсаттарын насихаттау мақсатында ҚазҰУ-қалашығында орналасқан биология факультетінде «Биология мұражайы» атты іс- шара өтті.
Шараның мақсаты – жастардың санасына Жер АНА –ны аялау міндетін қалыптастыру, өнер-білімге бағыттау,бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу. Білімге құштарлығын ояту. Биология ғылымына қызығушылығын ояту. Табиғатты сүюге, оны қорғауға баулу. Іс-шара Қазақ Ұлттық университетінің қалашығында орналасқан биология факультетінің мұражайында өтті. Тыңдаушылар тамашалаған мұражайда табиғат зоналарын көрсететін диорамалар мпен карталар көрсетілген. Жер бетіндегі тіршіліктің эволюциялық дамуын көрсететін алғашқы қауым адамдарының тұрағы; Шарын шатқалында қазып алынған Іле түйеқұсы диорамалары жасалған. Тыңдаушылар Мұражайдағы әрбір экспонат пен панорамалық көрмелерді тамашалап, көптеген мәлімет алды. Сонымен қатар, Тұран жолбарысының әлемдегі жалғыз, осы мұражайдағы тұлыбын тамашалады. Тыңдаушылар тың ақпаратқа толы бұл саяхаттан сабаққа керек ақпаратты алып қайтты.