Атырау облысы жер ресурстарының экологиялық жай-күйін кешенді талдау: жасыл өсу контекстіндегі болжамды бағалау

11 желтоқсан, 2023

08.12.23 жж. география және табиғатты пайдалану факультеті, тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы б.ғ.к.доцент Б.Е. Шимшиков және б.ғ.к. доцент Г.А. Мұқанова Атырау облысының жер қатынастары басқармасының бастығы Әлібек Ермекқали Серікқалиұлымен BR21882122 «Жасыл өсу контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи, экономикалық және және әлеуметтік-шаруашылық жүйелерін орнықты дамыту: кешенді талдау, концепция, болжамдық бағалау және сценарийлер» тақырыбы бойынша мегагрант аясында жұмыс кездесуін өткізді. Жұмыс барысында Жер ресурстары проблемалары, топырақтың мелиорациялық жай-күйі талқыланды, Атырау облысының материалдары мен атласы, облыс жерінің экологиялық жай-күйінің картограммалары ұсынылды.