«Ең үздік маман-2023» байқауының марапаттау рәсімі өтті
12 желтоқсан күні, «Әл-Фараби» кітапханасында жыл сайын дәстүрлі түрде, Еліміздің мерейлі мерекесі тәуелсіздік күніне орай, ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағымен осы мен 12 рет ұйымдастырған «Ең үздік амаман-2023» байқауының марапаттау рәсімі өтті.
Жеңімпаздарды анықтау кезінде мынадай критерилер ескеріледі:
• Университеттегі жұмыс өтілі
• Кәсіби міндеттерді мінсіз орындау
• Университеттің қоғамдық өміріне қатысу
• Өз бөлімшесінің қоғамдық өміріне қатысу
• "Парасат" кәсіподағы мен бөлімшелердің кәсіподақ бюросы өткізетін іс-шараларды ұйымдастыру және белсенді қатысу.
Бақ сынасып АРТ-орталықтан вокал үйірмесінің жетекшісі Ещанова Фариза Бекібайқызы да қатысып, мараптталды. Ещанова Фариза бес жылдан аса университетте еңбек етіп келеді, жоғарыда көрсетілген барлық талаптарға сай болып өзіне лайықты марапатына ие болды.
Алғашқы құттықтау сөз әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағының төрағасы Талғат Құмарғалиұлы Мекебаевқа берілді. Барлық жеңімпаздарды Басқарма мүшесі - әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Суатай Сабит Құрманжанұлы құттықтап, дипломдар мен сертификаттар сыйлады.
Кеш, АРТ-орталықтын студенттерді даярлаған концерттік бағдарламамен жалғасты. Фариза «Қияли қыз» әнін вокалистерімен бірге тарту етті, қоңыр дауысты Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің 1 курс студенті Еркін Ерсін жанды дауыста, домбырамен «Сарыарқа» әнін орындады.
ҚР мәдениет қайраткері Есмұханбетова Галина Асанғазиевна жеткшілік еткен шоу балет «ФАРАБ» «Қазақ» биімен көрермендерді тағыда сүйсіндірді.
«Балбырауын» күйі мен «Коробейники» шығармасы «Фараби сазы» ұлттық аспатар ансамблі орындауында жеңімпаздарға жақсы көңіл күй сыйлады. Көркем жетекшісі, дирижер Сванбаева Зита Абдилдаевна.
Ерекше дауыс иесі, Халықаралық конкурстардың лауреаты, Абай атындағы Опера және балет театрының солисті Бекзат Абитов «Фуникули-фуникуля» неополитан әнімен кештің сәнін келтірді. «Қазақ әндерінен попурри» орындаған студенттерден құралған қобызшылар триосы ретро әндерді еске салды.
Ең соңында, АРТ-орталығының вокалистерімен жанды тербететіндей орындалған «Мен сені сүйемін, сүйемін, Қазақстан!» әні бүкіл көрмендердің көзіне жас алдыртты. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Еліміз-жеріміз көркейе берсін!