ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

24 желтоқсан, 2023
  • Жансейіт Түймебаев Қытай Халық Республикасының білім Вице-министрі Сун Яо бастаған делагациямен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.
  • Келіссөз барысында Жансейіт Қансейітұлы қосдипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ланчжоу университетінің Вице-президенті Гоу Сяохуамен және ҚХР білім министрілігі жанындағы Пекин ынтымақтастық және тілдерді даярлау орталығының директоры Ма Цзяньфэймен келісімге қол қойды.
  • Ректор Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жыл толуына орай «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы және түркі халықтарының рухани әлемі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, баяндама жасады. 
  • ҚазҰУ басшысы Қытайдың Шаньдун провинциясы Ғылым академиясының Автоматтандыру институтының директоры Ян Цзыцзянды қабылдады. 
  • Жансейіт Түймебаев көрнекті ақын, ұстаз-ғалым Бауыржан Жақыптың 60 жасқа толған мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, мерейтой иесін құттықтады. 
  • Оқу ордасының басшысы Хуаюй Шаньдун технологиялық университетінің президенті Лян Югомен жүздесіп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
  • Жансейіт Қансейітұлы  Ғылыми кеңестің кезекті отырысын өткізді. Жиында «Білім беру бағдарламаларын өзектендіру», «Университеттің 2024-2034 жылдарға арналған даму стратегиясы», «Университет ғылымы: жағдайы мен перспективасы» тақырыптары талқыланды.
  • Ректор Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, тарих ғылымының докторы, профессор Герман Кимнің 70 жылдық мерейтойына арналған  «Қазіргі әлемдегі азиялық зерттеулер аясындағы Қазақстан корейтануының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысып, сөз сөйледі. 
  • Жансейіт Түймебаев ҚазҰУ базасындағы ғылыми-зерттеу институттарының басшыларымен кездесу өткізді.